Логотип гормолзавод

«Гормолзавод» ЖШС даму бөлімшесінің жетекшісі Нұрмолдина Бақшағұл Малиққызының басшылығымен 5–10 қараша аралығында Шанхай қаласында өткен 8-ші China International Import Expo (CIIE) көрмесіне қатысты.

Жарияланған: 19 күн бұрын

Іс-шараға қатысу QazTrade қолдауымен ұйымдастырылды. QazTrade — қазақстандық бизнестің сыртқы нарықтарға шығуына көмектесетін даму институты: кеңес беру және талдамалық қолдау көрсетеді, халықаралық көрмелерге қатысуға ықпал етеді, шетелдік серіктестер та

Тегтер:

«Гормолзавод» ЖШС даму бөлімшесінің жетекшісі Нұрмолдина Бақшағұл Малиққызының басшылығымен 5–10 қараша аралығында Шанхай қаласында өткен 8-ші China International Import Expo (CIIE) көрмесіне қатысты.

Іс-шараға қатысу QazTrade қолдауымен ұйымдастырылды. QazTrade — қазақстандық бизнестің сыртқы нарықтарға шығуына көмектесетін даму институты: кеңес беру және талдамалық қолдау көрсетеді, халықаралық көрмелерге қатысуға ықпал етеді, шетелдік серіктестер табуға көмектеседі және өнімді ілгерілету шығындарының бір бөлігін өтеуге жәрдемдеседі.

CIIE — импорттық тауарларды ілгерілетуге және сыртқы сауданы дамытуға бағытталған ірі халықаралық алаңдардың бірі. Әдетте көрмеге 129 ел мен өңірден шамамен 3 500 экспонент қатысады, ал экспозиция аумағы 500 000 м² жуық.

«Гормолзавод» ЖШС стендінде:

  • келушілер жоғары бағалаған балмұздақ;

  • әртүрлі өсімдік қоспалары бар құрт;

  • шоколадтағы коспа ұсынылды.

Қазақстанды халықаралық деңгейде таныстырып, кәсіби тәжірибе алмасу біз үшін ерекше қуаныш болды!

Компания стендіне келіп, қолдау білдірген Ақмола облысының әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлына және Көкшетау қаласының әкімі Кумпекеев Ануар Қайыргелдіұлына алғысымызды білдіреміз. Олардың назары — біз үшін маңызды мойындау әрі алдағы дамуға үлкен серпін.

Ұйымдастырушыларға — Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне және QazTrade командасына — жоғары деңгейдегі ұйымдастыру жұмысы мен ерекше атмосфера үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Қазақстан павильоны жарқын, жылы жүзді және қонақжай ел бейнесін көрсетті.

Алда — жаңа нарықтар, жаңа серіктестер және жаңа жетістіктер!