
Жыл елеулі өзгерістермен есте қалды:
- Директор Әсен Жақсылықов «Жылдың үздік кәсіпкері» сыйлығының лауреаты атанды
- Жаңа ірімшік цехы іске қосылды;
- Тоңазытқыш камераларын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді;
- Жертөлелер мен іргеқабат үй-жайларына күрделі жөндеу жүргізілді;
- Газ қазандығы салынды;
- Балмұздақты ұсақтап өлшеп-орау цехы (стақандар, эскимо, түтікшелер) ашылды.
- Жаңа су құбыры желісі мен заманауи автопарк пайдалануға берілді, бұл логистикалық тиімділікті арттыруға мүмкіндік берді;
- Қуаттылығы тәулігіне 50 тонна болатын заманауи қышқыл сүт өнімдерін өндіру цехы салынды;
Компания жаңа шыңдарды бағындырды:
- Алматыда өткен отандық өндірушілердің «Ұлттық өнім» көрмесінде «Үздік балмұздақ» және «Үздік құрт» номинациялары бойынша жеңімпаз атанды;
- «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында жеңіске жетті;
- «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-нан «Сапа саласындағы жоғары жетістіктері үшін» дипломын алды;
- Жылыту жүйесі мен тоңазытқыш камералары қайта толық жаңартудан өтті;
- Тоңазытқыш қондырғылары бар сүт пен сүт өнімдерін жеткізу үшін қосымша көлік сатып алынды (барлығы 18 бірлік техника).
Компания дамуын жалғастыруда:
- Әкімшілік ғимаратқа жапсарлас құрылыс салынуда;
- Эстакада қайта жөндеуден өткізілді;
- Кәріз стансасының құрылысы және қалалық коллекторға қосылатын кәріз трассасын толық қайта жаңарту жұмыстары басталды;
- Балмұздаққа арналған қосымша цех құрылысы басталды.