
Жарияланған: 19 күн бұрын
12–14 қараша аралығында Алматы қаласында өткен Food Expo Qazaqstan халықаралық көрмесіне «Гормолзавод» ЖШС белсенді қатысты. Компанияның қатысуы ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жобасын іске асыру аясында жүзеге асырылды
Тегтер:
12–14 қараша аралығында Алматы қаласында өткен Food Expo Qazaqstan халықаралық көрмесіне «Гормолзавод» ЖШС белсенді қатысты. Компанияның қатысуы ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жобасын іске асыру аясында жүзеге асырылды. Жоба Алматы технологиялық университетімен бірлесіп, техника ғылымдарының докторы Алимарданова Мариам Қалабайқызының жетекшілігімен орындалуда. Жобаны ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетіне қарасты «Ғылым қоры» АҚ қаржыландырады.
Көрме өте қарқынды өтті — келушілер легі бір сәтке де толастамады. «Гормолзавод» бренді ерекше жылы ықыласқа ие болды: көптеген қонақтар таныс логотипті көргенде, «Бұл ең жақсы балмұздақ!» деп қуанышпен атап өтті.
Мұндай пікірлер тұтынушылардың жоғары сенімін айқындап, өнімнің ел бойынша сүйікті болуына үлес қосып жүрген өндіріс цехтары қызметкерлеріне мақтанышпен жеткізілді.
«Гормолзавод» ЖШС стендінде гранттық жоба аясында әзірленген жаңа өнімдер ұсынылды:
Бұрыш қосылған құрт
Жаңа форматтағы коспа
Көрме қонақтары жаңа дәмдерді жоғары бағалап, өнімдердің жақын арада сауда сөрелерінен орын алуын күтетінін білдірді.
Көрменің халықаралық мәртебесіне байланысты қаптама мен ингредиент жеткізушілері көптеп қатысты. Бұл кәсіпорынға маңызды келіссөздер жүргізуге және жаңа технологиялармен танысуға мүмкіндік берді.
Қазақстандық делегация құрамында «Ғылым қоры» АҚ өкілдері де болды, оның ішінде ДКТ №2 менеджері Байстен Амангелді қатысты.
Көрменің ерекше оқиғаларының бірі — жабық дегустация болды. Оның қорытындысы бойынша «Гормолзавод» ЖШС өнімдері жоғары марапаттарға ие болды.
«Үздік өнім» сапа дипломы мына өнімдерге табысталды:
72,5% сары май
Классикалық кілегейлі балмұздақ
Коспа
Бұл марапаттардың Тамақ өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында алынуы ерекше мәнге ие: ол ұжым еңбегінің мойындалуы және өнім сапасының тұрақтылығының дәлелі болды.