Логотип гормолзавод

Ташкент қаласында өткен UzProdExpo-2025

Жарияланған: 19 күн бұрын

18–22 қараша аралығында Ташкент қаласында АӨК-тің азық-түлік және қаптама салаларындағы жетістіктерді таныстыруға арналған UzProdExpo-2025 халықаралық көрмесі өтті.

Тегтер:

18–22 қараша аралығында Ташкент қаласында АӨК-тің азық-түлік және қаптама салаларындағы жетістіктерді таныстыруға арналған UzProdExpo-2025 халықаралық көрмесі өтті.

«Гормолзавод» ЖШС көрмеге 10 елден келген 80 компаниямен қатар қатысып, қазақтың ұлттық өнімдері — құрт және коспа — өндірісінің инновациялық технологияларын коммерцияландыру жобасын таныстырды. Жоба өңделген сүтті, сондай-ақ өсімдік және қайталама шикізатты пайдалану негізінде іске асырылуда. Аталған жоба РННТД бағытында «Ғылым қоры» АҚ қолдауымен Алматы технологиялық университетімен бірлесіп, техника ғылымдарының докторы Алимарданова Мариам Қалабайқызының жетекшілігімен орындалады және ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетіне қарасты «Ғылым қоры» АҚ тарапынан қаржыландырылады.

Көрме аясында «Гормолзавод» ЖШС жоғары сапалы ұлттық өнімдер — құрт, шоколадтағы коспа, сондай-ақ көпшілікке танымал балмұздақты дегустациямен ұсынды. Өнімдер келушілер тарапынан жоғары бағаланып, айтарлықтай сұранысқа ие болды.

Осындай халықаралық көрмелерге қатысу тұтынушылармен, делдал компаниялармен, сауда агенттерімен және дилерлік желілермен өзара тиімді байланыстар орнатуға, сондай-ақ РННТД коммерцияландыру жобаларын нарыққа ілгерілету тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Ташкент қаласында өткен UzProdExpo-2025