Логотип гормолзавод

«Гормолзавод» ЖШС Jańa Dala / Green Day ’2025 көрмесінде

Жарияланған: 16 күн бұрын

«Гормолзавод» ЖШС Jańa Dala / Green Day ’2025 көрмесінде

Тегтер:

Green Day 2025Jańa Dala

2025 жылғы 17–18 шілде аралығында Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласындағы ең ірі оқиғалардың бірі — Jańa Dala / Green Day ’2025 көрмесі өтті. Бұл іс-шара агроөнеркәсіп кешеніндегі заманауи шешімдермен бөлісу және әріптестік байланыстарды нығайту алаңына айналды.

🌞 Көрме күндері ауа райы өте ыстық болды — ауа температурасы +35 °C-қа дейін жетті, ал аспанды бірде-бір бұлт жаппады. Осындай қиын жағдайларға қарамастан, біздің командамыз «Гормолзавод» ЖШС-нің табиғи сүт өнімдерін лайықты таныстырып, іс-шара аумағында үш фирмалық сауда нүктесін орналастырды. Әсіресе, көпшіліктің көңілінен шыққан өнім — табиғи балмұздақ болды. Балалық шақтағы дәмді еске түсіретін салқын әрі балғын балмұздақты көрмеге келгендер қуана-қуана сатып алып, ризашылықтарын білдіріп жатты: «Бұл — өзіміздің, таныс дәм!»

💪 Көрмеге қатысуымызды жоғары деңгейде ұйымдастыруға Астана қаласы бойынша дистрибьютор-компанияның сауда командасы зор үлес қосты. Команданы сату бөлімінің басшысы Валерий Ретлер басқарды. Жұмысты ұйымшылдықпен және белсенділікпен атқарғандар: супервайзерлер Дина Байгабулова (ерекше белсенділігімен көзге түсті) және Луиза Жугынысова, логист Бауыржан Садырбаев, сондай-ақ жүргізушілер Ұланбек Адырбеков пен Еркебулан Асылбек. Команда бір-бірін жарты сөзден түсініп, ыстық күн мен көп қонақтар аясында жоғары нәтижеге қол жеткізді.

👩‍🌾 Көрменің ерекше сәттерінің бірі — «Жақсылық Агро» ЖШС аффилиирленген компаниясының сауыншысы Оксана Владимировна Тресцова ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұл марапат тек өзі үшін ғана емес, бүкіл компаниямыз үшін де үлкен мақтаныш болды.

🧀 Сонымен қатар, іс-шара аясында пастообразды ерітілген ірімшіктер бойынша мастер-класс және дәмтатым өтті. Шараны «Гормолзавод» шеф-аспазы — Мира Қаратаева жүргізді. Қонақтар ірімшіктің дәм түрлерімен, оны күнделікті және кәсіби асүйде қолдану тәсілдерімен танысты.

📌 Jańa Dala / Green Day ’2025 көрмесіне қатысу — «Гормолзавод» ЖШС өнімдерінің қазақстандық тұтынушылар арасында сұранысқа ие әрі сүйікті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Greenday

«Гормолзавод» ЖШС Jańa Dala / Green Day ’2025 көрмесінде
«Гормолзавод» ЖШС Jańa Dala / Green Day ’2025 көрмесінде - Жаңалықтар - Гормолзавод