
Жарияланған: 2 ай бұрын
30 апреля 2025 года в парке «Алаш арыстары» города Кокшетау состоялась экологическая акция «Қалаға арналған ағаш», организованная Палатой предпринимателей Акмолинской области при поддержке акима города Кокшетау
Тегтер:
Алаш арыстары2025 жылғы 30 сәуірде Көкшетау қаласындағы «Алаш арыстары» саябағында «Қалаға арналған ағаш» атты экологиялық акция өтті.
Іс-шараны Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасы Көкшетау қаласының әкімі Күмпекеев Ануар Қайыргелдіұлының қолдауымен ұйымдастырды.
Акцияның бас демеушісі және амбассадоры ретінде Home Credit Bank АҚ Ақмола филиалы танылып, шара банктың 20 жылдығына орайластырылды.
Акция аясында уссурий алмұрты мен қылқан жапырақты қарағайдың 100 көшеті отырғызылды.
«Гормолзавод» ЖШС атынан даму бөлімінің жетекшісі Бақшагүл Нұрмолдина мен бухгалтер Павел Демин екі қарағай көшетін отырғызып, шараға белсене қатысты.
Көшеттерге бекітілген қаланың 38 кәсіпорнының логотиптері бар тақтайшалар ерекше назар аудартты. Бұл тақтайшалар қайта өңделген пластиктен жасалған — бұл да экология мен тұрақты болашаққа қосылған үлес.