
Жарияланған: 17 күн бұрын
«Гормолзавод» – «Қазақстанның үздік тауары – 2025» көрме-байқауында: дәстүр мен дәм үйлесімі
Тегтер:
ГормолзаводҚазақстанның үздік тауары2025 жылғы 19 маусымда Көкшетау қаласында дәстүрлі «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтті. Бұл — аймақ кәсіпорындары үшін маңызды оқиға, ал қала тұрғындары мен қонақтары үшін – қызықты әрі жарқын шара. Көрмеге Ақмола облысының 100-ден астам ірі және шағын кәсіпорны қатысты.
Олардың қатарында аймақтағы сүт өнімдерін шығаратын жетекші кәсіпорындардың бірі – «Гормолзавод» ЖШС де бар. Биыл зауыт жаңа өнімін – ерітілген ірімшікті таныстырды. Жұмсақ құрылымы мен табиғи дәмі келушілерге ерекше ұнады, ал өнімге деген қызығушылық жоғары болды.
«Гормолзавод» бұл көрмеге жай ғана қатысушы емес. Кәсіпорын 2023 жылы «Үздік өндірістік тауарлар» номинациясында жеңімпаз атанған болатын. Ал 2024 жылы байқау аймақтағы төтенше су тасқынына байланысты өткізілмей қалған еді. Сол себепті 2025 жылғы көрменің өтуі — кәсіпорындар үшін маңызды әрі көптен күткен оқиға болды.
2025 жылғы байқау қорытындысы бойынша «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында жеңімпаздар болып келесі кәсіпорындар танылды:
– «Бижан» ет өңдеу кешені ЖШС
– Соколов Р.О. ЖК
– MILK PROJECT ЖШС
Жеңімпаздар қатарында болмағанымен, «Гормолзаводтың» өнімдері көрмеде жоғары бағаланып, тұтынушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Кәсіпорынның сапаға адалдығы мен тұтынушылар сенімі – басты құндылық болып қала бермек.
Көрме мерекелік атмосферада өтті: келушілер өнімдерді нарықтағы бағадан төмен бағамен сатып алып, дәм татып, ұтыс ойындарына қатысты. Жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсету – бұл шараның негізгі мақсаты болды.
«Гормолзавод» өз өнімін ұсынып қана қоймай, отандық сапа мен дәстүрдің символы ретінде тағы бір мәрте танылды.